Қазақстан мен Беларусь астық жинайтын техникаларды бірлесе құрастырады

909

Қазақстан мен Беларусь астық жинайтын техникаларды бірлесе құрастырады

Қазақстан мен Беларусь астық жинайтын техникаларды бірлесе құрастырады. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Александр Григорьевич, тәуелсіздіктің осынау жылдары ішінде біздің мемлекеттеріміздің қарым-қатынасы шын мәнінде стратегиялық сипатқа ие болды. Сіздің тарапыңыздан сауда-саттығымыз, ынтымақтастығымыз жоғары деңгейге көтерілу үшін көп күш жұмсалды. Ағымдағы жылы осынау екі тәуелсіз мемлекеттің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығын атап өтіп, ынтымақтастықтың ең жоғары кезеңінде екендігімізді дәлелдедік", - деді елбасы.

Мемлекет басшысы бірлескен жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстанда 260 бірлескен кәсіпорынның жұмыс істеп тұрғанын, еліміздің аумағында Беларусь техникасын құрастыратын 6 ірі кәсіпорын жұмысы жолға қойылғанын баса айтты.

"Біз аталған байланысты кеңейту жайында сөз қозғадық. Бүгін бизнес форум өтеді, құжаттар қол қоюға дайындалған. Онда аталған қарым-қатынас кеңейтілетін болады. Олар тиімді, біздің жұмысшы инженерлерімізге жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біздің үлкен карерлерімізге ондай машиналар қажет және біз астық жинайтын жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын бірлесіп құру туралы сөйлестік. Бұл өте жақсы ұсыныс және оны мен қолдаймын. Ағымдағы жылы сауда-саттық деңгейі 60 пайызға көтерілгенімен бізде бар әлеуетке сай емес", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу