Қазақстан мен Беларусь автомобиль тасымалына электрондық рұқсат енгізуді жоспарлап отыр

136

2027 жылы пилоттық жоба іске қосылады.

Қазақстан мен Беларусь автомобиль тасымалына электрондық рұқсат енгізуді жоспарлап отыр Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Қазақстан мен Беларусь халықаралық автомобиль тасымалында электрондық рұқсат беру жүйесін дамытуға келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада өткен екі елдің халықаралық автомобиль қатынасы жөніндегі бірлескен комиссиясының отырысында жүк тасымалын жеңілдету және рұқсат беру рәсімдерін цифрландыру мәселелері талқыланды.

Тараптар 2026 жылдың соңына дейін электрондық рұқсаттарды енгізу бойынша жұмыс тобын құруға келісті. Ал 2027 жылы электрондық рұқсаттарды пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Жаңа жүйе әкімшілік рәсімдерді қысқартып, тасымалдардың ашықтығын арттыруға және құжаттарды рәсімдеу уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар тараптар халықаралық автомобиль тасымалына рұқсат берудің шектеусіз квотасын енгізу мүмкіндігін қарастырды.

Тасымалдаушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 2026 жылға қосымша 5 мың рұқсат бланкісімен алмасу туралы шешім қабылданды. Ал 2027 жылға арналған рұқсаттардың алдын ала квотасы 50 мың бірлік көлемінде келісілді.

Отырыс барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы жүк тасымалы көлемінің тұрақты өсіп келе жатқаны атап өтілді. Тараптар халықаралық көлік дәліздерін дамытуға және екі ел арасындағы көлік байланысын нығайтуға ниетті екенін растады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу