Іс барысында үнемі қадағаланатын және салыстырылатын 100 баға құраушы құрылыс материалы анықталады.
"Баға талдауы Қазақстан мен Беларусьтің бірлескен құрылыс жобаларына қатысуы үшін қажет", – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.
Екіжақты келісімге Беларусьтің құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі республикалық ғылыми-техникалық орталығы мен қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары қол жеткізді. Бұдан былай аты аталған ұйымдар мемлекеттік деңгейде баға белгілеу және ақпараттық модельдеу мәселесіне жетекшілік етеді. Сонымен қатар қазақстандық және беларусьтік үлгілік жобаларға, технологиялық карталарға салыстырмалы талдау жүргізіп, баға белгілеу жүйесін қалыптастыру мен ақпараттық модельдеуді енгізу тәсілдерін зерделейді.
"Беларусь пен Қазақстанда үлгілік жобалардың мемлекеттік қоры бар. Қазақстанда жобалар 3 жыл сайын, Беларусьте 5 жыл сайын қайта қаралады.
Біз үлгілік жобаларды салыстыра отырып, оның қорын кеңейтуге мүмкіндік аламыз", – деді Беларусьтің құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі республикалық ғылыми-техникалық орталығының директоры Геннадий Пурс.
Өз кезегінде қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты АҚ даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович салыстырмалы талдау үшін мектептердің барынша ұқсас үлгілік жобаларын пайдалануды және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді салыстыруды ұсынды.
"Қазақстанда ақпараттық модельдеуді енгізу бойынша нормативтік база әзірлен. Нормативтерді цифрландыру және ақпараттық модельдерді тексеруді автоматтандыру бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр", – деді басқарушы директор.
Қанат Махамбет