Қазақстан мен Беларусь елдерінің әділет министрліктері ынтымақтастық туралы Меморандумға қол койылды

Сапар қорытындысы бойынша тұрақты негізде одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан мен Беларусь елдерінің әділет министрліктері ынтымақтастық туралы Меморандумға қол койылды Фото: google.com

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі делегациясының Минскіге ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев пен Беларусь Республикасының Әділет министрі Сергей Хоменко екі елдің әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат заңнамалық қызметке, мәжбүрлеп орындау саласына, адвокатураға, нотариатқа және ақпараттық технологияларды енгізуге қатысты салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.

Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы мен Беларусь Республикасы мемлекеттік сот сараптамалары комитетінің ғылыми-практикалық орталығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа сот сараптамасының өзекті мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін дамыту және келісілген өзара іс қимыл тетіктерін қалыптастыру мақсатында қол қойылды.

Келіссөздер үстелінде тараптар екі елдің әділет министрліктерінің қызметі және сот-сараптама қызметі бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасты.  

Азамат Есқараев "Digital Justice – Цифрлық Әділет" бағдарламасы шеңберінде әділет органдарының қызметін цифрландыру мәселелерін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу