Қазақстан мен Беларусь ғарыш саласындағы ынтымақтастық құжатын бекітті

753

Қазақстан мен Беларусь ғарыш саласындағы ынтымақтастық құжатын бекітті

Беларусь республикасы ұлттық ғылым академиясының төралқа төрағасы Владимир Гусаков бастаған Беларусь республикасының делегациясы Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығында болып, ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Кездесу барысында ғарыш саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. 

ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов өз әріптесін Қазақстандағы ғарыш саласының дамуы туралы ақпараттандырды. Атап айтқанда, шетелдік қонақтар  "КazEOSat" Жерді қашықтықтан зондтау және "KazSat" ғарыштық байланыс жүйесінің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, Беларусь өкілдері болашақ Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс алаңында болды, онда әр түрлі мақсаттағы спутниктерді шығару және олардың жиынтықтаушы бөлшектерін дайындау жоспарлануда.

Министр Б. Атамқұлов Беларусь кәсіпорындары мен ұйымдарын бірлескен ғарыш жобаларын іске асыруға шақырды. 

Кездесу соңында белорус тарабы қазақстандық мамандарды Беларусь республикасының қорғаныс-ғарыш кәсіпорындарын көруге шақырды. 

Бұрын хабарланғандай, ҚР премьер-министрі мен Беларусь үкіметі басшысының кездесу қорытындылары бойынша, ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов және Беларусь Республикасы Ұлттық ғылым академиясының төралқа төрағасы  Владимир Гусаков ҚР үкіметі мен БР үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу