Қазақстан мен Беларусь машина жасау саласында ынтымақтасады

806

Қазақстан мен Беларусь машина жасау саласында ынтымақтасады

Кеше Астанада ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Беларусь Республикасының өнеркәсіп министрі Виталий Вовкпен кездесті. Кездесу барысында өнеркәсіп пен машина жасау саларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Жеңіс Қасымбек екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, жалпы өңдеу өнеркәсібі саласындағы бірлесіп іске асырған жобалардың үлесін атап өтті.

Өз кезегінде Виталий Вовк екі ел арасындағы өзара іс-қимыл деңгейінің жоғары екенін айтып, өнеркәсіп саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілік танытты.

Өнеркәсіп министрі сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясы өнеркәсіптік ынтымақтастық пен өзара сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытудың, ал, шағын комиссия өзара әрекеттесу механизмі мен белсенді ынтымақтастықты қамтамасыз ету алаңы екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу