Қазақстан мен Беларусь мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы келісімге қол қойды

785

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Беларусь елінің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Александр Гурьянов ҚР Үкіметі мен БР Үкіметі арасындағы Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы келісімге қол қойды.  

Қазақстан мен Беларусь мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы келісімге қол қойды

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық туралы шартта айқындалған талаптарға байланысты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы мұнай мен мұнай өнімдерінің жеткізілімдері жекелеген екіжақты келісімдермен реттеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдер арасындағы жемісті өзара іс-қимылды және Еуразиялық экономикалық интеграция жолымен ілгерілеуді жалғастыру үшін бүгін Мұнай саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үкіметаралық келісіміне қол қойылды.

Келісімде Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу шарттары айқындалған.

Тараптардың ынтымақтастығы өзара мүдделерді қорғауға негізделеді.

Келісімге қол қойылғаннан кейін Тараптар Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін ескере отырып, қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерінің Беларусь Республикасына жеткізілімдерінің әлеуетті көлемін талқылауға кіріседі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу