Астанада өтетін Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы футбол матчына арнайы автобустар қатынайды, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.
2025 жылдың 15 қарашасында "Астана Арена" стадионында Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы футбол матчы өтеді.
Жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін Астана қаласының әкімшілігі арнайы автобустар ұйымдастырып жатыр.
Шаттл-автобустар мына жерлерден аттанады:
1. Хазірет Сұлтан мешітінің тұрағы;
2. Елорда циркінің тұрағы;
3. Бас мешіт тұрағы;
4. Орталық саябақ тұрағы;
5. "Қазақстан" спорт кешенінің тұрағы.
Автобус қатынауы сағат 16:00-де басталады.
Әкімшілік жанкүйерлерді қолайлылық пен қауіпсіздік үшін арнайы ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.