Қазақстан мен Белорусь сауда-саттығы 70 пайызға өскен

947

Қазақстан мен Белорусь сауда-саттығы 70 пайызға өскен

Қазақстан мен Белорусьтің сауда-саттығы 70 %-ға өскен. Алғашқы жарты жылда бұл елден 258 млн доллардың тауары импортталған. Статистика комитетінің мәліметінше, биылғы көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68 пайызға көтерілген. Алты айдың ішінде Белоруссияға 49 млн долларды құрайтын шикізат сатылған. Нақтырақ айтқанда, 64 мың тонна мұнай, 15 мың тонна метал, 5 тонна темір экспортталған.

Ал Белорусьтен біздің елге 21 млн долларға трактор, 12 млн долларға қант, 10 млн долларға жиһаз импортталған. Сондай-ақ, белоруссияның қойытылған сүті, дөңгелегі, дәрі-дәрмегі, еті және өзге де тұрмыстық тауарлары бізде сұранысқа ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу