Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

466

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Фото: akorda.kz

– Әмірліктер – ислам және араб әлеміндегі біздің сенімді әрі басты стратегиялық серіктесіміз. Сіздің еліңіз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанға қолдау көрсетіп келеді. Қазақ халқы мұны ешқашан ұмытпайды. Әсіресе, елордамызды көркейтуге Араб Әмірліктері зор үлес қосты. Бұл – шынайы достықтың айқын көрінісі, – деді Мемлекет басшысы.

– Екі елдің қарым-қатынасында түрлі салада жетістіктер аз емес. Дегенмен екі мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретін кез келді. Осы сәтті пайдаланып, Сізге зор алғысымды білдіремін, – деді Президент.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Стратегиялық инвестициялық жобаларды құру туралы бірлескен декларация;
  2.  Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Бас азаматтық авиацияның басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  3.  Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, "KIDF" қоры және "Masdar" компаниясы арасындағы Қағидаттар туралы келісім;
  4.  "KIDF" қоры мен "Masdar" компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  5.  Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және "Abu Dhabi Ports" компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  6.  "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ және "Abu Dhabi Ports Group" компаниясы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісім;
  7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау және профилактика министрлігі арасындағы Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  8.  ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Ануар Гаргаш атындағы Дипломатиялық академия арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  9. Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық кітапханасы мен архивтері арасындағы Архив ісі саласындағы халықаралық байланыстарды жүзеге асыру жөніндегі келісім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу