Қазақстан мен Бразилия сауда экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

725

Қазақстан мен Бразилия сауда экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев жұмыс сапарымен Бразилияға барып қайтты, сапар барысында Қазақстан-Бразилия ведомствоаралық консультациялары, Бразилияның бірқатар министрлігі мен ведомствосының ресми өкілдерімен екіжақты кездесу өтті.

Бразилиялық делегацияны сыртқы істер министрінің орынбасары Жорже Ламазье бастап келді. Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне жүгінсек, тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібі, екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне толық тоқталып, Астана халықаралық қаржы орталығының басымдықтарына ерекше назар аударды, дәстүрлі және баламалы энергетика саласындағы әріптестік перспективаларын зерттеу, мәдени-гуманитарлық бағыттағы өзара іс-қимылды жандандыру, шартты құқықтық базаны кеңейту туралы келісті.

Бразилияның СІМ бас хатшысы Бразилия Қазақстанға Орталық Азия өңіріндегі сенімді әріптес ретінде қарайтынын айтып, барлық негізгі салада екіжақты ынтымақтастықтың нығайтылатынына сенім білдірді. Ол Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі екіжақты экономикалық ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға ықпал етуі тиіс екенін айтты. Сондай-ақ бразилиялық дипломат Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына жоғары баға берді.

Қазақстан дипломаты сапар аясында бірқатар ресми кездесу өткізді.

Бразилияның экспорт және инвестицияны ілгерілету жөніндегі агенттігінде Ержан Ашықбаев Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі, инвесторлармен жұмыс істеу жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары, Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін жеңілдіктер туралы айтып берді. Агенттіктің президенті Роберто Жагуарибе екіжақты тауар айналымының бар әлеуетке сәйкес келмейтінін айтып, одан әрі сауда экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл үшін анағұрлым перспективалы тауашаларды анықтау қажет екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу