Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 170 млн долларға жетті

1094

Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 170 млн долларға жетті

Астанада Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті дамыту жолдары талқыланды, деп хабарлады Хабар 24.kz

Арнайы ұйымдастырылған бизнес форумда екі елдің сыртқы сауда палаталары әріптестік меморандумын бекітті. Қазір қос мемлекеттің өзара тауар айналым көлемі 170 млн долларға жеткен. Еліміз Чехиядан көбіне фармацевтикалық тауарлар мен электр техникасына қажетті қондырғыларды импорттайды. Өз кезегінде бұл мемлекет бізден мұнай-газ және химия саласының өнімдерін сатып алады.

Басқосу барысында ҚР Энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев: "Қазақстан мен Чехияның сауда-экономикалық әріптестігі жоғары деңгейде деп айта алмаймыз. Дегенмен, оны арттыруға мүмкіндік зор. 2005 жылдан бері Қазақстанға Чехиядан тартылған тікелей инвестиция 186 млн долларды құраған. Енді екі елдің сыртқы сауда палаталары байланысты бекемдеу үшін бірқатар келелі кездесу өткізуді көздеп отыр. Ал қазақстандық және чехиялық кәсіпкерлер жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға кірісті", - десе, чехиялық компанияның өкілі Мирослав Андер: "Біз қазір Астанадағы емханалардың бірімен келісім жасауға кірістік. Оның аясында клиникалық ақпараттық жүйе жөнінде пилоттық жобаны жүзеге асырамыз. Сол арқылы емханаға шығындарды 40%-ға дейін азайтуға мүмкіндік болады", - дегенді айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу