Қазақстан мен Черноголрия құрамалары арасында жолдастық ойын өткізу жөнінде ресми келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми мәлімдеді. Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин мен Черногория футбол одағының бас хатшысы Момир Джурджевац жолдастық ойынды өткізу туралы келісімді бекітті.
"Жоспарға сәйкес ойын 11 қараша күні Подгорицада өтеді. Жақсы қарсылас таңдалды деп ойлаймын. Черногория құрамасы еуропалық өлшем бойынша тұрақты ойын көрсетіп келеді. Жеке ойын мәнері бар. Ойынның оңай болмайтыны анық. Әрі қарай Қазақстан құрамасы 15 қараша күні УЕФА Ұлттар Лигасының аясында Албаниямен кездеседі. Оң шешім қабылданды деп үміттенеміз. Черногория мен Албания жақын орналасқан. Біздің команда жолға кететінін күшті үнемдейді. Басқа қарсыластардың ұсынысы бойынша жолдастық ойынға арнайы бару керек болатын. Өкінішке қарай, пандемия жарысты өткізу мерзімін қысқартып тастады. Әр қадамды есептеу қажет. Алайда, жолдастық ойындардың да маңызы зор. Бұған дейін екі жолдастық кездесу өтпей қалды. Еліміздегі және әлемдегі жағдай реттеліп, нақты шаралар қолданылады деп үміттенеміз. Қазақстан құрамасының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы толықтай дайындық жүргізіп, жолдастық және ресми кездесулерде жақсы ойын көрсету үшін бар күш-жігерін салады деп сеніммен айта аламын", – деп атап өтті Қазақстан футбол федерациясының құрама командалар департаментінің директоры Қайрат Нұрдәулетов.