2025 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 6001,1 млн доллар болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 6,3%-ға төмен, деп хабарлайды inbusiness.kzhttp://inbusiness.kz сайты.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2025 жылғы қаңтар-наурызда тауарлар экспорты 1988,1 млн доллар болса (11,3% аз), импорт 4013 млн долларға тең (3,6% аз).
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресейге – 89,3%, бұдан әрі Қырғыз Республикасына – 7,3%, Беларуське – 3,3%, Арменияға 0,1% тиесілі.
Еліміздің экспортындағы тауарлардың негізгі үлес салмағында келесі тауарлар басым: шикі мұнай және битуминозды жыныстардан алынған шикі мұнай өнімдері (52,3%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,3%), кендер және мыс концентраттары (4%), ферроқорытпалар (3,3%), бидай және меслин (2,3%).
Импорты бойынша ең көп үлес салмағы мынадай тауарларға тиесілі: жеңіл автокөліктер (3,9%), дәрілік заттар (3,1%), моторлы көлік құралдарына арналған шанақ (2,9%), телефон аппараттары (2,3%), моторлы көлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтары (2,2%).
Қазақстанның экспорттағы негізгі әріптес елдеріне Италия (25,2%), Қытай (15,1%), Ресей (9,8%), Нидерланды (6,4%), Түркия (5,1%), Өзбекстан (4,7%) жатады.
Ал импорттағы негізгі серіктес елдері қатарында Ресей (29,1%), Қытай (26,8%), Корея Республикасы (4,4%), Германия (4,2%), АҚШ (3%), Түркия (2,7%) мемлекеттері бар.