Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 20,2 млрд долларға жетті

354

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3% - ға артқан.

Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 20,2 млрд долларға жетті Фото: gov.kz

Кеше, 21 тамызда ҚР Cауда және интеграция вице-министрі Қ.Қ. Төребаев Комитет төрағасы Д. Макаллистер бастаған Еуропалық Парламенттің Сыртқы істер комитетінің (AFET) депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономикалық өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін, қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін, сауданың перспективалы секторларын, сондай-ақ Орталық Азия мен ЕО елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылауға дайын екенін білдірді.

ЕО Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады және елдің жалпы саудасының 30% құрайды. Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3% - ға артып, 20,2 млрд. АҚШ долларын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу