Қазақстан мен Еуроодақ энергетика саласындағы мәселелерді талқылады

823

Қос тарап саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

Қазақстан мен Еуроодақ энергетика саласындағы мәселелерді талқылады

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Свен-Олов Карлссонмен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы министрлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қос тарап энергетика саласындағы, оның ішінде Энергетикалық Хартия шартын жаңғырту үдерісі, көмірсутек шикізатын өндіру және тасымалдау кезіндегі метан шығарындыларын мониторингтеу тетіктері шеңберіндегі бірлескен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
 
Сондай-ақ, Свен-Олов Карлссон Энергетика министрін климат мәселелері бойынша "Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ" атты алдағы бірлескен конференция жұмысына қатысуға шақырды.
 
Сапар қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруға келісті.
 
Айта кетейік, жыл сайын қазақстандық мұнай экспортының шамамен 80%-ы Еуропа елдеріне жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу