Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады.
Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:
- визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;
- консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;
- өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту;
- көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.
Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу