Қазақстан мен ФАО-ның серіктестік бағдарламасы әзірленуде

729

Қазақстан мен ФАО-ның серіктестік бағдарламасы әзірленуде

2018 жылғы 16 мамырда БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) өңірлік конференциясының 31-ші сессиясы болып өтті. Аталған іс-шара барысында ФАО бас директоры Жозе Грациано де Сильва мен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева кездесті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстандағы етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын талқылады.

ФАО-ның бас директоры ауыл шаруашылығы министрлігінің аталған мақсаттағы позициясын қолдады және осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанның аграрлық ғылымы мен білімін дамыту қажет деп атап өтті.

Қазақстан мен ФАО арасындағы ынтымақтастық кеңеюде және жаңа деңгейге көтерілуде. Мысалы, ФАО Қазақстандағы бірнеше жобаларды іске асырады, олар: органикалық ауыл шаруашылығын дамыту, жайылымдарды басқару, шегірткемен күрес, тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру, азық-түлік тізбектерінің дамуын қолдау және экспорт, цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу.

2015 жылдың соңында өндірісті дамытуға жағдай жасайтын және органикалық өнімдердің экспортын ұлғайтатын "Органикалық өнімдерді өндіру туралы" заң қабылданды. Қытай мен еуропалық елдер қазірдің өзінде қазақстандық органикалық өнімдерге қызығушылық танытуда.

ФАО ұсынатын ақпараттық ресурстарды пайдалану, техникалық және консультациялық қолдау, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені саласын дамытуда өте маңызды орын алады.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен ФАО арасындағы серіктестік бағдарламасы әзірленуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу