Қазақстан мен Финляндия арасында тікелей әуе қатынасы ашылды

827

Қазақстан мен Финляндия арасында тікелей әуе қатынасы ашылды

2017 жылдың 18 маусымында "FinnAir" әуе компаниясы Хелсинкіден Астанаға алғашқы рейсті орындады, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Финляндияының сыртқы сауда және даму министрі Кай Мюккянен бастаған делегацияның жартысы Астанаға келді.

Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей рейс аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері қатынайды. Аталмыш рейстер Airbus 319 әуе кемесімен Астанадан  жергілікті уақыт бойынша сағат 05:40-та  орындалады.

Екі ел арасындағы рейсті ашуда ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті мен Финляндияның авиациялық билігі бірлесе жұмыс атқарды. Халықаралық ЭКСПО-2017  көрмесінің өтуіне байланысты фин тарапына аптасына 7 рейс орындау құқығы берілді. Сонымен қатар, жақын уақытта Финляндия президенті Қазақстанға келеді.

JACDEC зерттеу бюросының ақпараты бойынша Финляндияның "Finnair" ірі әуе компаниясы 2012-2013 жылдары Еуропадағы ең қауіпсіз әуе компания атанған және қауіпсіздік жөнінен әлем бойынша екінші орынды иеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу