Қазақстан мен Финляндия әуе қатынасы туралы келісімге қол қойды

657

Қазақстан мен Финляндия әуе қатынасы туралы келісімге қол қойды

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының үкіметі мен Финляндия Республикасы үкіметінің арасында әуе қатынасы туралы келісміге қол қойылды. Құжатқа ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Финляндия үкіметі атынан Қазақстан Республикасындағы Финляндияның төтенше және өкілетті елшісі Микко Кивикоски қол қойды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Бұл халықаралық құжаттың қорытындысы азаматтық авиация комитеті мен Финляндияның авиациялық билік органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылмақ. Сондай-ақ финдік тасымалдаушы "Finn Air" әуе компаниясының қатысуымен бірқатар келіссөздер жүргізілді.
Еске сала кетейік, "Finn Air" әуекомпаниясы биыл 3-шілдеден бастап Хельсинки-Астана бағытында тікелей рейстерді жалғастырады. Қазақстан мен Финляндия арасындағы рейстер аптасына 2 рет Airbus 319 типіндегі ұшақпен орындалады.
Осыған орай, биыл ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті "Finn Air" әуе компаниясының Астанаға аптасына жиілігі 7 рет ұшу құқығын берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу