Қазақстан мен Финляндия өкілдері ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықты талқылады

484

Бұл туралы inbusiness.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Финляндия өкілдері ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықты талқылады Фото: ҚР СІМ

Финляндия тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Финляндияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы (ЕҚЫҰ) Тұрақты өкілі Веза Хаккиненмен кездесу өткізді.

Сұхбаттың негізгі тақырыбы 2025 жылы Финляндияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы болды. Төрағалық Ұйым жұмысының басталуына негіз салған Хельсинки Қорытынды актісіне қол қоюдың елу жылдығын тойлау жылы өтеді.

Тараптар өңірлік күн тәртібін, Қазақстан мен Финляндияның ЕҚЫҰ-дағы рөлін талқылады, сондай-ақ Ұйымның ағымдағы жағдайы мен одан әрі даму перспективасы туралы пікір алмасты.

Р. Василенко Финляндия делегациясын Қазақстанның ЕҚЫҰ-ны нығайту және қатысушы мемлекеттер арасындағы сенімді диалогты қалпына келтірудің маңыздылығына қатысты ұстанымының өзгермейтіндігі туралы хабардар етті.

Кездесу соңында тараптар ЕҚЫҰ шеңберіндегі сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға және өңірдегі сенім шараларын нығайту жөніндегі бір-бірінің бастамаларын қолдауға дайын екендігін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу