Қазақстан мен Франция кәсіпкерлері екіжақты іскерлік байланыс нығайтпақ

465

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канесс пен Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің тең төрағалары Айдан Кәрібжанов және Ив-Луи Даррикаррер бастаған франциялық бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесті.  

Қазақстан мен Франция кәсіпкерлері екіжақты іскерлік байланыс нығайтпақ Фото: ҚР ИИДМ

Шетелдік делегацияның құрамында Vicat, Alstom, Airbus, Thales, Academia, AirLiquide, Veolia, Captels және т.б. ірі компаниялардың өкілдері болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар өзара әріптестіктің өзекті бағыттары бойынша бірлескен жобаларды іске асырудың жолдарын, сондай-ақ биыл 2-ші мамырда Францияның Сыртқы істер министрі жанындағы министр-делегаты Оливье Бешттің Астанаға сапары аясында екі елдің үкіметаралық комиссиясының 15-ші отырысында талқыланатын мәселелерді қарады.

Бұл ретте Марат Қарабаев аталған мемлекеттер арасында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты іскерлік байланысты нығайтуға септігін тигізетінін айтты. Бұған қоса ведомство басшысы франциялық кәсіпкерлерді жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі жақ жемісті әңгімеге ризашылықтарын жеткізіп, елдер арасындағы тиімді серіктестікті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу