Қазақстан мен Франция министрлері телефонмен сөйлесті

682

Қазақстан мен Франция министрлері телефонмен сөйлесті

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бүгін Францияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Жан-Марк Эйромен телефон арқылы сөйлесті.

Франция министрі Қайрат Әбдірахмановты жақындағы тағайындалуымен және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады.

Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуына ризашылықтарын білдіріп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясындағы ынтымақтастық мәселелері және күн тәртібіндегі өзге де өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Телефон арқылы сөйлесуге француз тарапы бастамашы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу