Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі "Accor" қонақ үй тобымен және "ALAZAR GROUP" ЖШС-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Халықаралық қонақжайлылық индустриясының экожүйесінде үлкен тәжірибесі бар жетекші әлемдік қонақ үй тобы "Accor" туристерді орналастыру орындарын құру жобаларын жүзеге асыру Қазақстанның туризм саласының дамуына зор үлес қосатыны сөзсіз. Біз осындай халықаралық компаниямен тәжірибе алмасуды жоғары бағалаймыз және бұл ынтымақтастық жемісті нәтиже береді деп сенеміз", – деп түсіндірді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Сонымен қатар, министрлік Мемлекет басшысы инвестициялық әлеуетті арттыру және саладағы кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша шаралар кешенін қабылдау қажеттігін атап өткенін еске салды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен 800 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп, ал орналастыру орындарының саны алғаш рет төрт мың бірліктен асты.
Айта кетейік, "Accor" – 110-нан астам елдегі 5,5 мың қонақүйді, 10 мың мейрамханалар мен барларды, сондай-ақ, сауықтыру орталықтары мен коворкингтерді біріктіретін әлемдегі жетекші қонақ үй тобы.
Бұдан басқа, компаниялар тобы қонақжайлылық индустриясындағы ең алуан түрлі және толық интеграцияланған экожүйелердің біріне ие.