Қазақстан мен Франция "жасыл" энергетика, инновация және жасанды интеллект салаларында бірлесіп әрекет етеді

154

Халықаралық көлік дәліздерін дамытудың маңызы қандай?

Қазақстан мен Франция "жасыл" энергетика, инновация және жасанды интеллект салаларында бірлесіп әрекет етеді Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тараптар "жасыл" энергетика, сирек кездесетін шикізат, климат, су шаруашылығы, инновация және жасанды интеллект салаларына баса мән береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жақында Астанада Француз даму агенттігінің өкілдігі ашылды. Біз оның жұмысына барынша қолғабыс көрсетуге уағдаластық. Сондай-ақ, халықаралық көлік дәліздерін дамыту маңызды екенін атап өттік. Логистика инфрақұрылымы және қайта өңдеу өнеркәсібі секторындағы байланысты кеңейту мәселелерін талқыладық. Агроөнеркәсіп кешені, денсаулық сақтау, қаржы және туризм бағытында тың жобаларды жүзеге асыруға уағдаластық. Біз Қазақстан нарығында жұмыс істеуге ниеті бар француз компаниялары үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Бүгін бірқатар үкіметаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылады. Оның барлығы мемлекеттеріміздің мүддесіне сай келеді. Бұл құжаттар екі ел үшін де пайдалы болмақ. Жалпы, сапар аясында бірнеше инвестициялық келісімдер жасау жоспарланған, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты қазақ-француз қатынасының алтын арқауы деп бағалап, осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайту өте маңызды екенін атап өтті.

– Мәдениет, білім-ғылым, археология, архив, спорт саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға айрықша назар аударамыз. Кеше ғана әлемге әйгілі Гиме мұражайында "Қазақстан: Ұлы дала жауһарлары" атты көрме ашылды. Бұл көрмеде еліміздің тарихи-мәдени және археологиялық құндылықтарын дәріптейтін жәдігерлер бар. Бүгін Президент Макронмен бірге сол жерге барып, көрмені тамашалаймыз. Осы бастамаға қолдау көрсеткені үшін құрметті Макрон мырзаға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу