Қазақстан ішкі нарықтағы қажеттілік үшін Ресей газының импортын тұрақты түрде ұлғайтып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2024 жылы жеткізу 3,8 млрд текше метрге дейін өсті, ал 2028 жылға қарай "Газпром" республикаға жыл сайынғы экспортын 12 млрд текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Форумдағы жаңа бастама 2023 жылы "Газпром" мен Қазақстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылмақ.
Сондай-ақ тараптар ынтымақтастық пен аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мәселелерін талқылады. Олар Орталық Азиядағы ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға ерекше көңіл бөлді.