Қазақстан мен Georgian College білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

329

Басты назар кадр даярлау сапасын арттыру мен академиялық ұтқырлықты дамытуға аударылды.  

Қазақстан мен Georgian College білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады Фото: gov.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек канадалық Georgian College делегациясымен кездесіп, инженерлік және медициналық кадрларды даярлау саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келіссөздер барысында оқу орнының өкілдері білім беру бағдарламалары, стратегиялық басымдықтары және қызметінің негізгі бағыттары туралы таныстырды. Сондай-ақ Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту мүмкіндіктері сөз болды.

Министр өз кезегінде Қазақстандағы жоғары білім жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы айтып, жетекші шетелдік университеттердің филиалдарын ашу бастамаларының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл қадамдар кадрлар даярлау сапасын арттыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және халықаралық білім беру ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысында тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдіріп, бірлескен жобаларды іске асыру бағыттарын пысықтау үшін сарапшылық және жұмыс деңгейіндегі өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу