Қазақстан мен Германия арасында берік достық қарым-қатынас орнаған – Президент

240

Қасым-Жомарт Тоқаев Олаф Шольцпен шағын құрамда кездесу өткізді.

Қазақстан мен Германия арасында берік достық қарым-қатынас орнаған – Президент Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Германияның көпқырлы ынтымақтастығын жаңа белеске көтереді деп сенемін. Себебі елдеріміздің арасында өзара сенім бар, берік достық қатынастар орнаған. Біз қазір ғана шағын құрамда екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселесін талқыладық. Сауда, экономика, инвестиция саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше назар аудардық. Бұдан бөлек өзекті халықаралық мәселелер туралы сөз қозғадық. Әсіресе, қазіргі геосаяси ахуалға, жаһандық қауіпсіздікке, аймақтық дамуға, климаттың өзгеруіне қатысты пікір алмастық. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы байланыстарға тоқтадық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айтуынша, екіжақты қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр. 

Президент кеңейтілген құрамдағы келіссөздер оның аясын кеңейте түсуге ықпал етеді деп сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу