Қазақстан мен Германия басшылары Украина проблемасы бойынша өзара байланыс жасап тұруға келісті

1024

Мемлекет басшысы Германия Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Қазақстан мен Германия басшылары Украина проблемасы бойынша өзара байланыс жасап тұруға келісті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президенттер Украина проблемасы бойынша өзара байланыс жасап тұруға келісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер екі елдің қарым-қатынастары тұрақты түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды. Бұған Қазақстан Президентінің 2019 жылы желтоқсанда Германияға жасаған ресми сапары септігін тигізді.

Мемлекетіміздің басшысы Германия Президентін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Франк-Вальтер Штайнмайер шақыруды ризашылықпен қабыл алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу