Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов Берлин қаласында өткен құрылыс, жобалау және ғимараттардың энергия тиімділігі мәселелеріне арналған іскерлік сапарға қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сапар барысында қатысушылар Германияның энергия тиімді құрылыс, тұрғын үй қорын жаңғырту, тұрақты жылумен жабдықтау және қалалық даму салаларындағы тәжірибесімен танысты.
Бағдарлама аясында салалық сарапшылармен, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар өкілдерімен, сондай-ақ сәулет және инженерлік компаниялармен кездесулер өтті. Онда ғимараттарды жаңғырту, энергия үнемдейтін шешімдерді енгізу және құрылыс саласындағы заманауи технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.
Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және құрылыс саласына озық тәжірибелерді енгізуге бағытталған.