Қазақстан мен Германия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

114

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Германия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті Фото: gov.kz

Неміс тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Федералдық сыртқы істер министрі Йоханн Вадефулмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты серіктестік мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара құрмет, сенім мен сындарлы диалогқа негізделген қазақ-герман қатынастарын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ министрлер саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, тұрақты байланыстарды қолдауға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделілігін растады.

Сұхбат соңында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Астана мен Берлиннің екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесуге келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу