Қазақстан мен Гонконг инвесторлардың құқығын қорғау бойынша ынтымақтастықты күшейтеді

283

Қазақстан тарапы Гонконгтың заңгерлік және инвестициялық қоғамдастығына еліміздегі инвесторларды қорғау тетіктерін таныстырды.  

Қазақстан мен Гонконг инвесторлардың құқығын қорғау бойынша ынтымақтастықты күшейтеді Фото: gov.kz

Қазақстан мен Гонконг инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев Гонконг арнайы әкімшілік ауданының Әділет мәселелері жөніндегі хатшысы Пол Лэммен және Гонконгтың заңгерлік әрі инвестициялық қоғамдастығының өкілдерімен кездесті.

Кездесу Гонконгтың Әділет департаменті мен Гонконг Сауданы дамыту кеңесі ұйымдастырған "COLLABORATE2WIN: Гонконг – жаһандық табысқа жету жолындағы серіктесіңіз" іс-шарасы аясында өтті.

Жандос Өмірәлиев прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бағытындағы құқықтық тетіктерін таныстырды. Сонымен қатар инвестицияларды қорғау, дауларды баламалы реттеу және инвестициялық бастамаларды құқықтық сүйемелдеу бойынша тәжірибе алмасудың маңызы атап өтілді.

Іс-шара Қазақстан мен Гонконг арасындағы "хабтан хабқа" серіктестігін дамытуға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі нығайтты.

"Бүгінде инвестор үшін құқықтық кепілдіктердің болуы ғана емес, олардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсіну де маңызды. Қазақстан инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және инвесторлардың құқықтарын жедел қорғауға мүмкіндік беретін жүйе қалыптастырды. Бұл тәжірибені халықаралық алаңдарда таныстыру елімізге сенімді әріптес ретінде деген сенімді нығайтуға ықпал етеді", – деп атап өтті Жандос Өмірәлиев.

Кездесу қорытындысында тараптар инвесторлардың құқықтарын қорғау және құқықтық сүйемелдеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу