Қазақстан мен Грузия ІІМ байланысы жаңа деңгейге шықты

116

2026 жылғы ақпанда Қазақстанға ресми сапармен Грузия Ішкі істер министрлігінің делегациясы келді.

Қазақстан мен Грузия ІІМ байланысы жаңа деңгейге шықты Фото: Жасанды интеллект

Сапар аясында ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов грузиялық әріптесі Гела Геладземен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, қылмыспен күрестегі үйлестіру жұмыстары мен тәжірибе алмасуға ерекше назар аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сапар екі елдің полиция ведомстволары арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталды. Ынтымақтастық қорытындысы бойынша Грузия тарапы Қазақстанның ішкі істер органдарының сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген бес адамды ұстады. Олардың төртеуі алаяқтық қылмыстары үшін, біреуі есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін іздеуде болған.

Қазақстан полициясы іздеуде жүрген қаскөйлерді анықтау және ұстау бойынша шетелдік әріптестерімен бірлесіп тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

Батуми қаласында 37 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол 2014-2020 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан топ құрамында коммерциялық ұйымның атын жамылып, қаржы пирамидасын құрған. Инвестиция ретінде азаматтардың қаражаты тартылғанымен, нақты инвестициялық табыс болмаған, ал төлемдер жаңа салымшылардың есебінен жүргізілген. Заңсыз әрекеттердің салдарынан 1451 азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын 10,4 млрд теңгеден асты.

– Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады, – деді полицияда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу