Қазақстан мен Грузия СІМ басшылары келіссөздер өткізді

537

Оңтүстік Кавказдағы басты қазақстандық активтер – Батуми мұнай терминалы мен портты пайдалана отырып, Халықаралық Транскаспий көлік бағытын дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Грузия СІМ басшылары келіссөздер өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Грузия Сыртқы істер министрі Илья Дарчиашвилимен кездесуі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтаулармен алмасып, олардың достық пен өзара құрмет рухында қарышты дамып келе жатқанын атап өтті.

Министрлер Қазақстан-Грузия ынтымақтастығының негізгі бағыттары мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қаралды. Осы тұрғыда министрлер екі елдің халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ және ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалады.

Тараптар сауда қатынастарда елеулі әлеуеттің бар екенін растады және тауар айналымы көлемінің өсуіне және номенклатурасын әртараптандыруына серпін беру үшін нақты шаралар қабылдауға келісті. 2022 жылдың бірінші жартыcының қорытындысы бойынша 150 млн АҚШ долларына жеткен өзара сауданың бес есе өсуі – бұл одан әрі бірлескен жұмыс жолындағы маңызды мәренің бірі.

Көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Сұхбаттастар Оңтүстік Кавказдағы басты қазақстандық активтер – Батуми мұнай терминалы мен портты пайдалана отырып, Халықаралық Транскаспий көлік бағытын дамыту мәселелерін талқылады.

Мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандырудың зор маңызы атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу