ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Грузияға жасаған жұмыс сапарында аталған елдің Экономика және тұрақты даму вице-премьері Леван Давиташвилимен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.
Тбилисидегі кездесуде тараптар теңіз жолын дамытуға қатысты ынтымақтастық пен сауданы арттыру үшін өңірлік байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Марат Қарабаев әңгіме барысында транзиттік әлеуетті дамыту Қазақстан мен Грузия арасында достық қарым-қатынасты қалыптастырудағы басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Оның айтуынша, Астанада екі елдің аумағы арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты дәлізін дамытудың оң нәтижелері байқалып отыр.
Атап айтқанда, биылғы 6 айда ТХКБ бойынша 1,32 млн тоннадан астам жүк тасымалданып, бұл 2021 жылдағы кезеңімен салыстырғанда 77%-көп.
Бұған қолданыстағы Жол картасы аясында "тар шеңберлі жерлерді" бірлесіп жойып, ТХКБ дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру айтарлықтай әсер еткен.
Сондай-ақ Грузия тарапына өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ТХКЬ дамытудың өзекті Жол картасының жобасы қарауға ұсынылды.
"ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасына сәйкес ИИДМ ЕҚДБ-ның Еуропа – Орталық Азия бағытындағы көлік байланысын кешенді дамыту жөніндегі ұсыныстары негізінде ТХКБ-ның Жол картасына бірқатар жаңалық енгізді. Аталған іс-шаралардың бірі ретінде Потидегі контейнерлік терминалды Жол картасына қосуды ұсынамыз. Оның құрылысы қолға алынды", – деді М.Қарабаев.
Кездесудің соңында ҚР ИИДМ басшысы Леван Давиташвилиді биыл қазан айында Астанада өтетін 26-шы TransLogistica Kazakhstan-2023 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.