Қазақстан мен Грузияның бизнес-омбудсмендері ынтымақтастық меморандумын түзді

792

Құжат кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерінде екі елдің ынтымақтастығын және іскерлік ахуалды жақсарту бойынша бірлескен, келісілген іс-әрекеттерді көздейді.

Қазақстан мен Грузияның бизнес-омбудсмендері ынтымақтастық меморандумын түзді

Тбилиси қаласында (Грузия) өтіп жатқан Бәсекелестік саласындағы саясат жөніндегі 3-ші халықаралық конференция аясында Қазақстанның бизнес-омбудсмені Болат Палымбетов пен Грузияның бизнес омбудсмені Иракли Ликвинадзе меморандумға қол қойды.

Мемлекеттердің ұлттық заңнамасын дұрыс қолдану үшін консультативтік-құқықтық көмек көрсету, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға және өзге де іс-шараларға қатысу қарастырылған.

Қазақстандық статистика мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымының көлемі 2018 жылы 87 млн долларды құрады, 2017 жылмен салыстығанда 34,6%-ға артық (64,6 млн АҚШ доллары).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу