Қазақстан мен Иран $60 млн сомадағы экспорттық келісімшарттарға қол қойды

609

Бұл ретте қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Иранға жеткізілімдерді одан әрі арттыруға дайын.

Қазақстан мен Иран $60 млн сомадағы экспорттық келісімшарттарға қол қойды Фото: Zakon.kz

Сауда-экономикалық миссия аясында Қазақстаннан Иранға тыңайтқыштар, май өнімдерін, ірі қара және ұсақ мал етін жеткізу бойынша $60 млн-нан астам сомаға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Бұл туралы inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы $528 млн-ды құрады. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8%-ға жоғары.

Бұл ретте қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Иранға жеткізілімдерді одан әрі арттыруға дайын.

Ирандық компаниялар қазақстандық фосфатты тыңайтқыштар, ферроқорытпалар және азық-түлік өнімдерін өндірушілерге жоғары қызығушылық танытты. Өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу