Былтыр Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымының көлемі 15%-ға артты, деп хабарлады Қазақстандағы Иран елшісі Моджтаба Дамирчилу.
"Өткен жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымының көлемі 750 млн доллар болды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 15%-ға көп. Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша да өсім болады деп болжап отырмыз", – деді Моджтаба Дамирчилу Алматыда сауда-экономикалық конференция аясында.
"Биылғы жылы металл, дәнді-дақылдар және кен өндіру салалары бойынша сауда артады деп отырмыз",– деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу