Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы саласында бірқатар келісімге қол қойды

1981

Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы саласында бірқатар келісімге қол қойды

Қазақстан Иранға астық және жем-шөп дақылдарын экспорттайтын болды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Иран Ислам Республикасына барды.

Екі ел басшыларының арасындағы келіссөздер барысында күріш өндіру және өңдеу және майлы дақылдар саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, одан әрі Каспий теңізі порттары арқылы Иранға экспорттау туралы келісімге қол жеткізілді. Иран тарабы өз кезегінде сұранысқа ие күріш сорттарының тұқымын беруге дайын екендігін білдірді. Иран тарапы өз елінің транзиттік әлеуеті арқылы өңделген өнімдерді басқа елдерге сату үшін Иранның ұн тартатын кәсіпорындарында қазақстандық бидайды қайта өңдеу мүмкіндігін пайдалануды ұсынды. Қазақстандық делегация осындай ұсыныстың орындылығын атап, бұл мәселені қарауға дайын екенін білдірді.
Қазақстанның "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ Иран нарығына экспортты ұлғайту бойынша 100 мың тоннаға дейін дәнді дақылдарды жеткізу туралы меморандумға келісті, сондай-ақ Иранның "Tadbir Support and Development of Agricultural and livestock Infrastructures Co." компаниясына 2 мың тонна салқындатылған қой етін экспорттауға, Иранның ең үлкен "Iran Feed Industry Association" компаниясымен бірлесе отырып, биылғы жылдың соңына дейін елге 200 мың тонна жемдік дақылдарды, оның ішінде рапс, май, арпа және т.б.өнімдерді экспорттау туралы келісімге қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу