"Құрық порты" ЖШС Бас директоры Еркін Нығметов Иран делегациясына порттың инфрақұрылымын таныстырды, сондай-ақ оның ағымдағы операциялық мүмкіндіктері мен одан әрі даму перспективалары туралы айтып берді.
"Кездесу барысында тараптар көліктік-логистикалық өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, өзара сауда көлемін ұлғайту және транскаспий маршруттарын дамыту мәселелерін талқылады. Мультимодальды тасымалдардың тиімділігін арттыруға және халықаралық жеткізу тізбегіндегі Құрық портының рөлін нығайтуға ерекше назар аударылды", – делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға және теңіз бен порт инфрақұрылымы саласындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.