Қазақстан мен Иран екі жақты сауда қатынасын кеңейту және Орталық Азияны Оңтүстік Иранмен байланыстыратын бірлескен кеме қатынасы компаниясын құрды, деп хабарлайды КазТаг.
"ИИР жүк тасымалдау желілері" компаниясының басқарушы директоры Мохаммад Саидтің айтуынша, бірлескен компания Қазақстанның мемлекеттік темір жол компаниясының ("Қазақстан темір жолы" АҚ - ҚазТАГ) қатысуымен құрылды. Иранның ресми өкілінің айтуынша, компанияның бас кеңсесі Иранның Анзали портында орналасқан. Сондай-ақ Ақтау қаласындағы өкілдікті ашу жоспарланып отыр.
Еске салайық, Қазақстан мен Иран президенттері 2016 жылдың сәуірінде Теһранда бірлескен кеме қатынасы компаниясын құру туралы келісімге қол қойған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу