Қазақстан мен Иран СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

924

Бұған дейін АҚШ Иран Ислам Республикасының  ықпалды генералы Касем Сулейманиді өлтірген болатын.  

Қазақстан мен Иран СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Иран СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

2020 жылғы 5 қаңтарда Иран тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесті.

"Иран СІМ басшысы Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуал туралы хабардар етті. Министр М. Тілеуберді өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді. Ол барлық тараптарды шиеленістің одан әрі ушығуын болдырмау үшін ұстамдылық танытуға және жанжалды шешудің саяси-дипломатиялық жолдарын іздеуге шақырды", делінген хабарламада.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу