Қазақстан мен Иран түсті және асыл металдарды барлау туралы келісімге қол қоймақ

1076

Қос тарап тау-кен кешені саласында байланысты нығайтпақ. 

Қазақстан мен Иран түсті және асыл металдарды барлау туралы келісімге қол қоймақ

Қазақстан мен Иран Қостанай облысындағы Арго алаңында түсті және асыл металдарды барлау бойынша келісімге қол қоюға келісті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев Иранға сапары барысында министрдің орынбасары – Иран геологиялық ұйымының басшысы Али Реза Шахидимен кездесті.

Иран тарапы қызығушылық танытатын пайдалы қазбалардың түрлерін атап өтті. Оның ішінде темір мен мыс, марганец, кокстелетін көмір, мырыш және алтын басымдыққа ие.

Кездесу барысында қос тарап перспективалы жоба (Қостанай облысындағы Арго алаңында түсті және асыл металдарды барлау) бойынша келісімге қол қоюға келісті.

"Вице-министр қос ел арасындағы геология саласындағы жемісті ынтымақтастық пен өзара тиімді әріптестік екі жақтың геология саласын дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу