Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханидің Қазақстанға сапары аясында елдер арасында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп жазады strategy2050.kz.
ҚР Үкіметі мен ИИР Үкіметі арасында ветеринария мен жануарлар денсаулығы саласында келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, теңіз кеме жүргізу саласында үкіметтік келісім орнатылды.
Оған қоса, ҚР Инвестициялар және дамыту министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Қолөнер өнері мен туризм ұйымы арасында өзара топтық туристік сапарларды жеңілдету туралы, ҚР Ұлттық банкі мен ИИР Орталық банкі арасында екіжақты сауданы жүзеге асыру келісімдері орнатылды.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен ИИР әлеуметтік қамсыздандыру, кооперация және еңбек, әлеуметтік дамуі министрлігі арасында еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ынтымақтастық орнатылды.