Қазақстан мен Иранға ортақ заң жобасы таныстырылды

841

Құжатта екі елдің өзара іс-қимылы нақтыланды.

Қазақстан мен Иранға ортақ заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте Қазақстан мен Иран арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек жайлы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды.  

"Бұл келісім екі елдің құқықтық саладағы әріптестігін күшейтуді көздейді. 
Заң жобасы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы құқықтық мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға негіз болады", – деді әділет вице-министрі Наталья Пан заң жобасын таныстыру барысында. 

Құжатта екі елдің құзыретті органдарының азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерінің талабы нақтыланды. Сонымен қатар көмек көрсетуден бас тарту негіздері, құқықтық ақпаратпен алмасу, заң актілерін тану және орындау шарттары айқындалды. Бұған қоса құжаттарды тапсыру шарттары, дәлелдемелерді жинау және беру, куәгер мен сарапшыны шақыру, сот актілері мен төрелік шешімдерді тану және орындау мәселелері қаралды.  

Қанат Махамбет

Фото: kp.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу