Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашақ дамуын, сонымен бірге өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Министрлер сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жолдарын қарастырды.
Cыртқы саясат ведомстволарының басшылары Каспий теңізі өңірін дамыту мәселелері бойынша бірлескен жұмыстарды үйлестіруге баса назар аударды.
Сонымен қатар, тараптар БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ЭЫҰ және басқа халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды оң бағалап, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға келісті.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар ҚР мен ИИР сыртқы істер министрліктері арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.