Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 2,6 млрд долларға жетті

585

Биыл Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 2,6 млрд долларға жетті. 

Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 2,6 млрд долларға жетті Фото: gov.kz

Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 41 пайызға жоғары. Бұл туралы Қазақстан-Испания іскерлік кеңесінің жетінші отырысында белгілі болды. 

Сарапшылардың сөзінше, елден экспортталған тауардың басым бөлігі мұнай өнімдері. Қазір 2 ел арасында 45 біріккен компания жұмыс істейді. Кездесуге қазақстандық бизнеске қызыққан 30-дан астам компания, өз ұсыныстарын әзірлеп келген. Олардың көпшілігі көкөніс сақтау мен су тазалау сынды мега-жобалар. Кездесуден кейін, екі жақты келісімдердің саны артуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу