Астанада Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен қазақ-италия сауда қауымдастығының президенті Марко Беретта кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл кездесу министрдің қазан айындағы Италиядағы миссиясының жалғасы болды.
Тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту және екіжақты сауда көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады. Экспорттық-импорттық жеткізілімдер тізбегін жақсарту қажеттілігі айтылды.
Министр авиатасымалдың логистикадағы рөлін атап өтті. Жүк рейстерін итальяндық "Neos" компаниясы орындайды.
"Ansaldo" компаниясының Қазақстанда электр турбиналарын өндіру қызығушылығы талқыланды.
Қазақстан-Италия бизнес-форумын ұйымдастыру жоспарланды, оған 100-ге жуық компания мен 200-ден астам бизнес өкілі қатысады деп күтілуде.