Қазақстан мен Италия парламентаралық диалогты жандандырмақ

861

Бейнеконференция режимінде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Луиджи Ди Майомен келіссөздері өтті, деп хабарлайды  inbusiness.kz порталы  ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Қазақстан мен Италия парламентаралық диалогты жандандырмақ

Тараптар жоғарғы және аса жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтуға өзара қызығушылық танытты. Бұл ретте стратегиялық әріптестік рухында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға екіжақты бейілділік расталды.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің бүкіл ауқымы бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда пікір алмасты. Сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, министрлер парламентаралық диалогты жандандыру және шарт-құқықтық базаны кеңейту жолдарын талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар халықаралық ұйымдарда екі елдің кандидатураларын өзара қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу