Қазақстан мен италиялық Eni компаниясы бірқатар жобаны бірлесіп іске асырмақ

869

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Eni энергетика компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен италиялық Eni компаниясы бірқатар жобаны бірлесіп іске асырмақ

Eni компаниясы Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді, содан бері Қазақстан экономикасына $15 млрд астам инвестиция салған.

Тараптар Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында мұнай мен конденсат өндіру деңгейін арттыру және оны сақтау, сондай-ақ Қазақстан аумағында жаңартылатын энергия көздері жобаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Премьер-министрі Асқар Мамин Eni Қазақстанның маңызды инвестициялық серіктесі екенін атап өтіп, компанияның Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын игеруге, сондай-ақ Исатай және Абай кен орындарында барлау жұмыстарын жүргізуге қосқан үлесін атап өтті.

Eni компаниясы ҚР-дағы энергетикалық көшу және көміртексіздендіру жобаларына қомақты үлес қосуда. Осы бағыт аясында бірқатар бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Ақтөбе облысында қуаты 100 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы бойынша жоба іске асырылуда және Түркістан облысында қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы аяқталуда.

Үкімет басшысының қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен Eni компаниясы арасында электр энергиясын өндіру және іске асыру үшін энергетикалық көшу жобаларын әзірлеудегі ынтымақтастық туралы және ҚР-да ауыл шаруашылығы және сутегі жобаларын дамыту туралы меморандумдарға қол қойылды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, "Қазгеология" АҚ мен Eni компаниясы арасында ҚР аумағында жер қойнауын пайдалану жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу